Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада газ құю станциясына қарақшылық шабуыл жасалған

Опубликовано:

Тапанша
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылордада газ құю станциясынан тапанша мен үшкір заттың көмегімен ақша мен талондарды алып кеткен күдікті қолға түсті деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, 24 ақпан күні таңғы сағат 06:15-те қала орталығында орналасқан газ құю бекеттерінің бірінде бетіне бетперде киген белгісіз азамат тапаншаны және үшкір затты пайдалану арқылы қорқытып, кассадан ақша, ұялы телефон және талондар алып кеткен.

Келтірілген материалдық шығын 104 мың теңге.

Қызылорда қаласының полиция басқармасы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде облыс орталығының 2002 жылы туған тұрғыны ұсталып, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында ер адамды жанармай бекетінде аяусыз өлтіріп кеткенін жазған болатынбыз.

Марқұмның жақындары күдіктінің жалғыз болмағанына сенімді. Қайғылы оқиға Талғар ауданындағы жанармай бекетінің алдында орын алған. Аңшылықпен айналысатын Қуаныш Аяпов мылтықтың дүрбісін осы жерде сатпақ болыпты.

Алайда хабарлама бойынша келгендердің жоспары мүлде басқа болып шыққан. Кездесу туралы келіскен жігіттің артынан кенет адам толы қос көлік келіп, Қуанышты қоршап алады. Ақыры бас-аяғы бес минуттың ішінде қансырап жерге құлаған ер адамды сол жердегі қызметкерлер байқап қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1900727-qyzylordada-gaz-quyu-stanciyasyna-qaraqsylyq-sabuyl-zasalgan/

pixel