Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодардағы құрылыс алаңында алып кран құлап кетті (видео)

Опубликовано:

Кран
Фото: СС0 / Capri23auto

Павлодарда шынжыр табанды кран құлап, іргесіндегі көлікті зақымдап, электр желісін үзіп, салдарынан 30-ға жуық тұрғын үй жарықсыз қалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқыс жағдай 13 наурыз күні сағат кешкі 17.15-те Павлодар қаласындағы жекеменшік мекемеде болған. Құрылыс жұмысы кезінде шынжыртабанды кран құлап, электр желісін үзілген.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан құлаған кранның астында ақ түсті Lada Priora көлігі қалып қойғанын байқауға болады.

"Салдарынан 30-ға жуық жеке тұрғын үй жарықсыз қалды. 21.50-де жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды. Оқиға орнында бес қызметкер мен бір техника жұмыс істеді", – делінген Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Абырой болғанда, оқыс жағдай салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда зейнеткер мен кондуктордың жанжалы видеоға түсіп қалғанын жазған едік.

Ролик Instagram желісіндегі "Типичный Павлодар" парақшасында жарияланған. Автордың жазуынша, зейнеткерді автобустан шығарып жіберген.

"Бүгін, №1 автобуста кондуктор зейнеткермен зейнетақы куәлігінің болмауына байланысты жол ақысын толық төлеуден бас тартқаны үшін төбелесті", - делінген видеоның жазбасында.

Сонымен қатар роликтің астында Павлодар әкімдігінің ресми парақшасы атынан пікір қалдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1903311-pavlodardagy-qurylys-alanynda-alyp-kran-qulap-ketti-video/

pixel