Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

78 жастағы АҚШ президенті ұшақтың басқышынан үш мәрте сүрініп қалды (видео)

Жарияланған күні:

Байден
Джо Байден. Видеодан кадр: ria.ru

АҚШ президенті Джо Байден ұшақтың басқышымен көтеріліп бара жатып үш мәрте сүрініп қалды. Президенттік пулдың журналистері түсірген видео әлеуметтік желіде пайда болған деп жазады РИА Новости.

Жұма күні америкалық көшбасшы Джорджия штатына барған. Жарияланған кадрларда 78 жастағы Байденнің үш мәрте сүрінгені, тіпті соңғысында бір тізесімен отырып қалғаны көрінеді. Содан кейін президент ешкімнің көмегінсіз көтеріліп, ұшақтың ішіне кіріп кеткен.

Кейінірек, Ақ үй мәлімдеме жасап, аталған жайтқа қатты жел себеп болғанын айтқан.

"Өздеріңіз білетіндей, бүгін өте қатты жел соқты. Мен өзім де баспалдақтан құлап кете жаздадым", - дейді президент жанындағы баспасөз қызметінің өкілі Карин Жан-Пьер.

Сонымен бірге ол Байденнің өзін тамаша сезінетінін айтқан. Президент әкімшілігі баспасөз қызметінің басшысы Кэйт Бедингфильдтің сөзінше, АҚШ президенті бар болғаны баспалдақтан сүрінген.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденнің құттықтау жеделхаты келіп түскен еді.

"Биыл Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Сізді осы атаулы оқиғамен құттықтай отырып, АҚШ Президентінің Әкімшілігі Өзіңізбен және Қазақстан халқымен етене жұмыс істеуге зор мән беретінін айтқым келеді.

Ұзақ жылдар бойы біз ядролық қаруды таратпау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы тығыз серіктесті қолдап келеміз", - делінген жеделхатта.

Наурыз мерекесі қарсаңында Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1904246-78-zastagy-aqs-prezidenti-usaqtyn-basqysynan-us-marte-surinip-qaldy-video/