Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мас ер адам көшеден өтіп бара жатқан қызға себепсіз шабуыл жасады (фото)

Опубликовано:

Пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

24 наурыз күні Алматы тұрғынына белгісіз ер адам пышақпен шабуыл жасады деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Әсем есімді ару өз Instagram парақшасында жазды. Бойжеткеннің сөзінше, соққы арқадан жасалған, осылайша өкпесіне зақым келген.

"Ота жасады. Қазір жағдайым жақсарды. Дәрігерлерге рахмет", - деп жазды ол.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Одноклассники

Бойжеткен өзіне шабуыл жасаған азаматты танымайтынын айтты. Сондай-ақ ол желіде Бостандық аудандық полиция басқармасы аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғағаны туралы хабарламаның скриншотын салған.

Онда ер адамның мас күйде болғаны да айтылған.

Бұл жайтқа қатысты құзырлы орган да пікір білдірді.

"Алматы полиция департаменті бұл қылмысқа күдікті азаматты ізін суытпай ұстағанын мәлімдейді. Ол 1969 жылы туған азамат болып шықты. Күдікті өткен түнде мас күйінде көшеден өтіп бара жатқан қызға себепсіз шабуыл жасап, пышақ жарақатын салған. Қазір жәбірленуші ауруханада. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - дейді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

1
Скриншот: Instagram/ asem_sia

Айта кетейік, бұған дейін Ақсай қаласында 65 жастағы ер адамның пышақ жарақатын алғанын хабарлаған едік.

Полицияның мәліметінше, зардап шеккен азамат Бөрілі аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Алайда ол алған жарақаттары салдарынан есін жимастан қайтыс болған.

Аталған қылмысқа күдікті ретінде 38 жастағы келіншек ұсталған. Оның осыған дейін істі болғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1904575-almatyda-mas-er-adam-koseden-otip-bara-zatqan-qyzga-sebepsiz-sabuyl-zasady-foto/