Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда болған жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты (фото)

Опубликовано:

Жол-көлік оқиғасы
Фото: zakon.kz

1 сәуірде Алматының Наурызбай ауданында адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы болды деп хабарлайды zakon.kz.

Апат Карьерная көшедегі Абай саяжайларында болды.

Жүк тиелген КамАЗ оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Жүргізуші айтқандай, ВАЗ 2114 қарсы бағытта келе жатып, күтпеген жерден қарсы жолаққа шығып кеткен. Көлік жүк көлігінің дөңгелегіне соғылып, дөңгелегін жұлып әкеткен. Соққыдан КамАЗ-ға тиелген жүк далаға ұшып түскен.

Апат салдарынан ВАЗ жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Екеуі де 2000 жылы туған.

Жол-көлік оқиғасы болған жерде барлық мән-жайларды полиция қызметкерлері анықтады.

Жол-көлік оқиғасы
Фото: zakon.kz

Жол-көлік оқиғасы
Фото: zakon.kz

Жол-көлік оқиғасы
Фото: zakon.kz

Еске салсақ, Жезқазған мен Сәтбаев арасындағы тасжолда 22 наурыз күні бес адамның өмірін қиған жол апаты болған еді.

"ВАЗ-21099" көлігінің 31 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдағы қоршаудың кронштейніне соғылған. Көлік жүргізушісі мен төрт жолаушы алған жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.

Сонымен қатар, "Самара-Шымкент" тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алған болатын. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде екі адам қаза тапты.

"Pontiac-Viva" автокөлігі Қалыбай ауылы маңында жолдың тайғақ бөлігінде метеорологиялық жағдайды ескермегендіктен тайып, жол жиегінде тұрған "DAF" жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан "Pontiac" автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі мен 58 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1905797-almatyda-bolgan-zantursigerlik-zol-apatynan-bir-adam-qaza-tapty-foto/

pixel