Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысында үйлердің бірінде жарылыс болды (фото)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысында үйдегі газ баллонының жарылуынан әйел адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстың төтенше жағдайлар департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Глубокое ауданы Веселовка кентіндегі Ленин көшесінен өрт шыққаны туралы хабарлама 4 сәуірде таңғы 6:43-те түскен.

Өрт сөндірушілер келген кезде өртке оранған тұрғын үйде газ баллоны жарылғаны анықталған.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ШҚО ТЖД

Туыстары үйде әйел адамның болуы мүмкін екенін айтқан. Ол I топтағы мүмкіндігі шектеулі жан болған. Құтқарушылар жанып жатқан үйге кірген, алайда 1969 жылы туған тұрғынның денесін тапқан.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД хабарлауынша, өрттің себебі электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ШҚО ТЖД

Өрт жалпы 45 шаршы метерді құраған. Тілсіз жауды сөндіру үшін жеке құрамнан 7 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылған.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда Рысқұлов көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттан өрт шыққан еді. Абырой болғанда өрттен ешкім зардап шекпеген. Оқиға орнында 18 техника мен 60 адам жұмыс істеген.

Сонымен қатар Петропавлда көпқабатты тұрғын үйде орналасқан қонақүй өртке оранған болатын. Өрт саунадан шыққан.

15 шаршы метр жерді шарпыған тілсіз жау жарты сағатың ішінде ауыздықталған. Жалын апат ошағына жақын 50 литрлік газ баллонына жетіп үлгермеген.

Ал адамдар терезеден секіріп шығып, аман қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1906312-sygys-qazaqstan-oblysynda-uilerdin-birinde-zarylys-boldy-foto/