Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында ұшақ тас жолға қонды (видео)

Опубликовано:

Ұшақ
Кадр: Lada.kz

Маңғыстау облысы Ақтау-Жаңаөзен тас жолына ұшақ қонды. Оқиға куәгерлері бұл жайтты видеоға түсіріп алған деп хабарлайды Lada.kz.

Куәгерлердің айтуынша, полицейлер Ақтау-Жаңаөзен тас жолын жауып тастаған. Жүргізушілерге айналма жолмен жүруге тура келген екен.

"Олар бәрін жауып тастады, ұшақ тас жолға қонды. Бізді айналма жолға бағыттады, ал ол дәл Өзен-Ақтау тас жолына қонды. Бұл қарапайым жолаушылар ұшағы ма, әлде әскери ұшақ па? Иә, әскери ұшақ секілді", - дейді оқиға куәгері видеода.

Басылым құзырлы органдардан бұл жағдайға қатысты түсініктеме сұрап, облыста жаттығулар өтіп жатқанын еске салды.

Сол арада Қорғаныс министрлігі NUR.KZ тілшісіне бұл олардың ұшағы екенін растады.

"Жойғыш ұшақ "Алтын Жебе" арнайы операциялар жасағының қомпоненттерін кешенді тексеру аясында қондырылды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтау әуежайында төтенше жағдай болғанын жазған едік. Басылымның хабарлауынша, аталмыш жайт 30 наурызда Ақтау халықаралық әуежайында болған.

Баспалдағы бар арнайы техниканың жүргізушісі жолаушылардың ұшаққа өтуі үшін жасалған өткелмен соқтығысып, салдарынан құрылымның бір бөлігі бүлінген.

Ақтау әуежайында бұл факті бойынша ішкі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Абырой болғанда, апатты жағдайдан ешкім зардап шекпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1907156-mangystau-oblysynda-usaq-tas-zolga-qondy-video/

pixel