Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында болған жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: СҚО ПД

Балқаш қаласына жақын жерде Алматы-Екатеринбург тас жолында адам өліміне әкелген жол апаты болды. Патрульдік көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 46 жастағы полиция қызметкері көз жұмды. Оның әріптесі ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол апатынан қайтыс болған облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы - Хайдар Оразбаев. Ол 46 жаста болған. Марқұмның шені - аға лейтенант.

Отбасылы, төрт баласы бар. Ішкі істер органдарында 26 жыл қызмет еткен.

Қызметтік көліктің рөлінде отырған екінші полицей 33 жаста. Ол ауруханаға жеткізілген. Ал жүк көлігін 41 жастағы ер адам басқарған.

"Қарағанды облысы ішкі істер органдарының басшылғы мен жеке құрамы марқұм қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - дейді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 3 бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережерін бұзу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл факті бойынша сараптамалар тағайындалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында көлік жүргізушісі полицейлердің заңды талабына бағынбай, олардың бірін көлігімен шамамен 30 метрге дейін сүйреп кеткенін жазған едік.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, көлік айып тұрағына қойылған.

Одан бөлек, Қостанай облысында полицей мен ер адамның төбелесі видеоға түсіп қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1908042-qaragandy-oblysynda-bolgan-zol-apatynan-policiya-qyzmetkeri-koz-zumdy/

pixel