Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында ер адам әйелін өлтіріп, мәйітін тығып тастаған

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қарағанды облысының Тоғызқұдық ауылында 8 ай бұрын күйеуі өлтіріп, тығып тастаған 35 жастағы келіншектің денесі табылды. Оны полиция ауылдан небәрі 10 шақырым жерден анықтаған. Марқұмның туыстарының сөзінше, Бұқар жырау аудандық полиция басқармасы қылмыскерді уақытында ұстамаған деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, жергілікті блогер оқиға болған жерден тікелей эфирге шығып, әлеуметтік желіде бейнежазба жариялаған. Жоғалып кеткен келіншекті іздеуге ат салысқан ауыл адамдары мен марқұмның жақындары көп жиналғандықтан ол жерге арнайы жасақ шақыруға тура келіпті.

Еске сала кетсек, марқұм өткен жылы қыркүйектің 22-сі күні Теміртау қаласынан Тоғызқұдық ауылында тұратын күйеуі мен ата-енесінің үйіндегі кішкентай қызын алып келу үшін кетіп, сол күйі оралмаған. Сол күннің ертесіне күйеуі оның төркініне барып, қыздарының жоғалып кеткенін жеткізіпті. Келіншек отбасылық жанжал салдарынан соңғы жарты жылда өз ата-анасының үйінде тұрған екен. Жақындары із-түзсіз кеткен әйелді құқық қорғау саласының қызметкерлерімен бірге іздеген. 

Полицияның айтуынша,  күйеуі 4 ай бұрын әйелін  өлтіргенін мойындап, артынша өзіне қол салыпты. Ал марқұмның туыстары болса, "мәйіттің сол мезетте табылмауына тәртіп сақшыларының салғырттығы себеп болды" деп отыр. Сонымен қатар, күдікті қылмысын мойындар алдында 3 баласынан бас тартып, өзінің әпкесінің атына жаздырып кеткен. Нағашылары осы себепті жиендерін көре алмай жүргендерін жасырмады.

"2020 жылы желтоқсанның 15- і күні Жаманбаев Саят Бұқар жырау аудандық полиция басқармасына келіп қылмысын толық мойындады. Қылмысын мойындап тұрған адамды таңғы 8-де келіп, көмген жеріңді көрсет, - деп үйіне қайтарып жіберген. Осы қылмыс 7 ай емес 7 сағатта ашылатын қылмыс. Бұқар жырау аудандық заң қызметкерлері өздерінің жұмыстарын адал атқарған жоқ, деп есептейміз", - деп ашуланды марқұмның әпкесі Сайран Балбиқызы.

Бұл жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

"15 желтоқсанда жауап алу кезінде ол әйелін өлтіргенін мойындады. Бірақ қызметкерлерде оны қамауға алуға нақты негіз және дәлел болған жоқ. Оның сөздерін растайтын мәйіт те, куәгерлер де болған жоқ. Азаматшаның мәйіті табылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров.

Автор: А. Қуаш

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1908925-qaragandy-oblysynda-er-adam-aielin-oltirip-maiitin-tygyp-tastagan/

pixel