Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының "Бұқар Жырау" кешеніндегі атыс: 15 рет оқ атылды (видео)

Опубликовано:

Қоршау
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" кешенінде қарулы адамға қарсы полиция шабуылы басталды. Қазірге дейін оқиға орнында 15 рет оқ атылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тәртіп сақшылары қарулы ер адамға қарсы шабуылды бастады. Куәгерлердің сөзіне сенсек, тәртіп сақшылары ер адамды қолға түсірген. Алайда бұл ақпарат әлі ресми түрде расталмады.

Еске салсақ, Алматыда белгісіз ер адам "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде күзетшіге күндіз оқ атқан болатын. Жарақат алған күзетші ауруханаға жеткізілді. Содан бері күдікті пәтеріне жасырынып отыр.

Тәртіп сақшылары мен қарулы адамның арасындағы қақтығыс алты сағатқа жуық уақыттан бері жалғасып жатыр.

Қаскүнем терезеге үндеу жазылған плакат іліп қойды.

Сол арада бүгін Түркістанда да атыс болғаны анықталып отыр. Оқиға куәгерлері болған жайтты видеоға түсіріп алған. Кадрлардан екі ер адамның жас жігіттің соңына түскенін байқауға болады. Видеодан оқ дыбысы және айқай-шу болып жатқаны да анық естіледі.

Түркістан облысы полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.

"Бүгін Түркістан көшелерінің бірінде белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқан. Полиция бұл фактіні Түркістан қаласының полиция бөлімінде 293 бап "Бұзақылық" дерегі бойынша тіркеді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады. Оларды қамауға алу бойынша шаралар қабылдануда. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген полиция хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1909551-almatynyn-buxar-zyrau-kesenindegi-atys-15-ret-oq-atyldy-video/

pixel