Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев Алматыдағы саябақта 3 жасар баланың қаза табуына қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Бала
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook парақшасында қала саябақтарының бірінде үш жасар баланың қаза табуына байланысты жақындарына көңіл айтты. Қала басшысы барлық құрылыс компанияларының қауіпсіздік техникасын сақтауын тексеруді бұйырды.

"Бүгін қайғылы оқиға орын алды. 3 жасар баланың өмірі үзілді. Жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Полиция жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізеді", - деп жазған әкім өз парақшасында.

Қала басшысы қаланың барлық құрылыс компанияларының жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауын тексеруді тапсырғанын мәлімдеді.

"Жайлы қалалық орта мен ҚҚББ басқармаларына бұл нысандағы мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің құрылыс нормалары мен ережелерін сақтауын тексеруді тапсырдым. Сондай-ақ, қаланың барлық құрылыс компанияларының жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын қаншалықты сақтайтынын тексеруді тапсырдым", - деп нақтылады Сағынтаев жазбасында.

Еске салсақ, бұған дейін 29 сәуір күні Алматыдағы 28-панфиловшылар саябағында қайғылы жағдай орын алғанын жазған едік. Кішкентай бала жүк тиегіштің астына түсіп, көз жұмды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында таралған ақпаратқа сәйкес, балақай көгершіндермен ойнап жүрген, ал жүк тиегіш жанармай құю бекетінен жұмыс орына қарай бара жатқан.

Жүргізуші оқиғаның қалай орын алғанын білмейтінін айтады. Ол баланы байқамапты. Өкінішке қарай бүлдіршінді құтқару мүмкін болмады. Ол дәрігерлер келгенше көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1910415-sagyntaev-almaty-sayabagyndagy-3-zasar-balanyn-qazasyna-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel