Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда саябақта 3 жасар бала жүк тиегіштің астына түсіп, мерт болды (фото)

Опубликовано:

Бала
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Бүгін, 29 сәуір күні Алматыдағы 28-панфиловшылар саябағында қайғылы жағдай орын алды. Кішкентай бала жүк тиегіштің астына түсіп, көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Аталған факті Медеу ауданы полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 104-бабы (Абайсызда кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өкінішке орай, үш жасар бала алған жарақаттар ауыр болып, ол көз жұмды. Арнайы техниканың рөлінде 1970 жылы туған азамат У. отырған. Тергеу басталды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Zakon.kz басылымының мәліметінше, қайғылы жағдай шіркеудің жанында болған. Ол жерде аумақты абаттандыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқан. Балақай көгершіндермен ойнап жүрген екен, ал жүк тиегіш жанармай құю бекетінен жұмыс орына қарай бара жатқан.

Жүргізуші оқиғаның қалай орын алғанын білмейтінін айтады. Ол баланы байқамапты. Бүлдіршін дәрігерлер келгенше көз жұмған.

апат
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

апат
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

апат
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Еске сала кетсек, Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен алты жасар баланың мәйіті табылған еді.

"Бүгін, 29 сәуір күні жергілікті уақыт сағат 11:00 шамасында жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан жоғалған баланың денесі табылды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды.

Орын алған оқиға бойынша тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауымда. Кішкентай Альтаирдың ата-анасы мен туыстарының ауыр қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын, – деді Қызылорда облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910337-almatyda-sayabaqta-3-zasar-bala-zuk-tiegistin-astyna-tusip-mert-boldy-foto/

pixel