Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық ару өзіне сенат депутаты Талғат Мұсабаевтың шабуыл жасағанын айтты

Опубликовано:

Талғат
Талғат Мұсабаев. Фото: instagram.com/alinanurtas

Елорданың Алина есімді тұрғыны Instagram парақшасында қалада серуендеп жүрген кезінде өзін сенат депутаты, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаевтың ұрғанын айтты. Жанжалға қыздың иті себеп болған. Бұл жайтқа қатысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алинаның сөзінше, ол хаски тұқымдас итін елордадағы саябақтардың бірінде серуендетіп жүрген.

Бойжеткеннің жазуынша, заң бойынша серуендеу кезінде хаскиге тұмылдырық тағудың қажеті жоқ. Дегенмен ол өзімен бірге итке арналған тұмылдырық және соңынан тазалап жүру үшін пакет алып шыққанын айтады.

"Кетіп бара жатып, біреудің айғайлаған даусын естідім. Әрі қарай кете бердім. Жақындап келіп, тағы айғайлады. Агрессорға бұрылмай, мұрнымның астынан "з.. баршы" дедім. ("Алина үндеме! Өзің кінәлісің!" деулеріңіз мүмкін. Жоқ, кінәлі емеспін. Бұл маған деген негізсіз агрессияға реакциям).

Әрі қарай кетіп бара жаттым. Ол бұрылды да, жұдырығымен қолымнан бір ұрды. Қолым жансызданып қалды. Содан кейін полицияны шақырдым", - дейді Алина.

Оның сөзінше, өзін ұрған ер адам сенат депутаты Талғат Мұсабаев болып шыққан. Айғақ ретінде ол жанжал кезінде түсірілген ғарышкердің фотосын жариялады.

Астана полиция департаменті ит қожайыны мен тұрғынның арасында жанжал болғанын растап отыр.

"Осы жылдың 24 маусымында сағат 17:22-де 102 нөміріне Момышұлы көшесіндегі Триатлон саябағында ер адамның қызды ұрып, дөрекі сөйлегені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Ер адам мен ит иесінің арасындағы жанжалдың төбетті тұмылдырықсыз серуендетуге байланысты туындағаны анықталды. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде", - дейді полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1919514-elordalyq-aru-ozine-senat-deputaty-talgat-musabaevtyn-sabuyl-zasaganyn-aitty/

pixel