jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қарағандыда пневматикалық қарудан оқ атқан ер адам тұрғындардың зәресін ұшырды (видео)

    Ер адам
    Видеодан кадр: t.me/vechernaya_karaganda

    Қарағандыдағы аулалардың бірінде 50 жастағы ер адам пневматикалық қарудан оқ атты. Оқиға орнында түсірілген видео желіде жарияланды. Болған жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қару ұстаған ер адам Қарағанды ​​қаласының Михайловский секторындағы Мичурин көшесінің тұрғындарын қорқытқан.

    Куәгерлер оның қолына қару ұстап аулада жүргенін, бірнеше рет оқ атқанын видеоға түсіріп алған. Сөйтіп полиция қызметкерлерін шақырған.

    Анықталғандай 50 жастағы қалалық қолына травматикалық қару ұстап жүрген. Ол атып жаттығу үшін аулаға кірген екен.

    Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті тіркеуге алынған. Михайловский аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері атқыштың жеке-басын анықтап, оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 484-бабы, 1-бөлігі (Қару мен патрондарды қолдану тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырған.

    "Тәртіп бұзушы қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде, яғни 29 710 теңге айыппұл салынды. Оның қолындағы қару кәдімгі пневматикалық қару болып шықты", - дейді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Еске сала кетсек, бұған дейін қарумен суретке түсіп, желіні шулатқан елорда тұрғыны ұсталғанын жазған едік.

    23 жастағы жігіт әлеуметтік желідегі парақшасында қарумен түскен суретін жариялаған.

    Кейін полиция қызметкерлері оның страйкболға әуес екенін және бұл жазбаны "ВКонтактедегі" парақшасында жазылушылар санын көбейту мақсатында жариялағанын анықтаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.