Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ертең Нұр-Сұлтанда көңілді болады": Қарумен суретке түсіп, желіні шулатқан тұрғын ұсталды

Опубликовано:

Жігәт
Фото: ВКонтакте / navegar777

Елордада полиция әлеуметтік желілерде дау тудырған бірнеше жазба жариялаған жергілікті тұрғынды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 25 маусымда "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің қолданушысы өзінің парақшасында қарумен түскен суретін жариялаған.

Сонымен бірге, желіде тараған суреттерден оның әскери форма киіп алғанын, қолына автоматты винтовкаға ұқсайтын затты ұстап тұрғаны анықталған.

Одан бөлек, "102"-ге қала тұрғынынан ұлына әлеуметтік желіде белгісіз біреудің қару ұстаған фотосуреттерді жолдап, "ертең Нұр-Сұлтанда көңілді болады" деген хабарлама жібергені туралы шағым түскен.

Қазіргі уақытта жарияланған жазбаның авторы ұсталып, полицияға жеткізілгені белгілі болып отыр. Ол 23 жастағы елорда тұрғыны болып шыққан.

Жас жігіттің айтуынша, ол страйкболға әуес және бұл жазбаны "ВКонтактедегі" парақшасында жазылушылар санын көбейту мақсатында жариялаған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оның шеңберінде тәркіленген заттың атыс қаруына тиесілі не тиесілі емес екендігін анықтау мақсатында баллистикалық сараптама тағайындалған.

Полиция департаменті Қазақстанның заңнамасына сәйкес заңсыз қару-жарақты алу, беру, сату және сақтау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Нұр-Сұлтан тұрғыны11
Фото: Фото: vk.com/navegar777

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919857-erten-nur-sultanda-konildi-bolady-qarumen-suretke-tusip-zelini-sulatqan-turgyn-qamauga-alyndy/

pixel