Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны Лондонды да әбігерге салды: Метро мен жолдар су астында қалды (видео)

Опубликовано:

Метро
Кадр: Twitter / JoshuaPotash

Нөсер жаңбыр мен найзағай Лондонның бірқатар бөлігінде су тасқынын тудырды деп хабарлайды Би-би-си.

Жексенбіде Англияның оңтүстігінде найзағай болғаннан кейін толассыз жауған жаңбыр қаланың бірқатар бөлігінде су тасқынын тудырды. Табиғи апат салдарынан ондаған жол мен метро станциялары су астында қалды.

Метеорологтар Англияның оңтүстік-шығысының басым бөлігінде 100 мм-ге дейін жауын-шашын түседі деп болжауда. Осы орайда Қоршаған ортаны қорғау агенттігі Вустер паркіндегі Беверли-Брук пен Вест-Барнст маңындағы аудандарда су тасқыны болатыны туралы екі маңызды ескерту жасады.

Сегіз жерасты метро станциясы, сондай-ақ бір жерүсті станциясы жабылып қалды. Метеоролог Стивен Китстің айтуынша, дауылдар ауа ағындарының "шоғырлануынан" пайда болған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Бұған дейін қатты су тасқыны салдарынан Үндістанда 130 адам қаза тапқаны хабарланған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы жағдайға байланысты Үндістан президенті Рам Нат Ковиндке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Сондай-ақ, Германия елі де су тасқынынан зардап шеккен болатын. Талай адамның өмірін қиған су тасқынына Германия билігі "ғасырдағы ең ауыр табиғат апаты" деген баға берілген болатын.

Жалпы Батыс Еуропада болған алапат су тасқыны салдарынан кем дегенде 189 адам қаза тауып, жүздеген адам із-түзсіз жоғалып кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1923884-su-tasqyny-londondy-da-abigerge-saldy-metro-men-zoldar-su-astynda-qaldy/

pixel