Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда кафе өртке оранды (видео)

Опубликовано:

Өрт сөндіруші
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

26 шілде түнгі уақытта Алматыдағы кафелердің бірінде өрт шықты деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті ресми Instagram парақшасында.

Өрт сөндіру топтары Алмалы ауданындағы Жамбыл, 198 мекенжайына келіп жетті. Оқиға орнына келген алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері кафенің шатырын ашық жалын шарпығанын анықтады, деп атап өтті департамент.

Өрттің іргелес үй-жайларға таралу қаупі болғандығына баса назар аударылды. Өрт сөндірушілер дереу өз жұмысына кірісіп, гидранттарға автоцистерналар орнатылды.

Өрт 18:57-де толығымен сөндірілді. Өрттен зардап шеккен аймақтың жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрады. Қабылданған шаралардың арқасында кафенің негізгі бөлмелеріне өрттің таралуына жол берілмеді.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер саяжай, банкет залы мен ас үйді өрттен қорғай алған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Департамент мамандары кафе мен мейрамхана иелеріне электр сымдарын уақытында тексеріп отыру, ақаулы розеткалар мен электр құрылғыларын пайдаланбау керектігін ескертуде.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда "Горный гигант" шағын ауданының жеке секторында дәмхана мен көлік жуу орталығынан өрт шыққанын жазған едік.

Аптап ыстық жағдайды ушықтыра түскен, себебі Алматыда ауа температурасы 37 градусқа дейін көтерілген. Десе де, өрт сөндірушілер тілсіз жауды 25 минут ішінде сөндіре алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1924083-almatyda-kafe-ortke-orandy-video/

pixel