Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қораз төбелестіріп қызық қуғандар жазаланатын болды

Опубликовано:

қораз11
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте қораз төбелестіргендер жазаланатын болды. Олардың кейбірі полиция келгенде терезеден секіріп, қашқан деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, тәртіп сақшылары кіріп келгенде 100-ге тарта тұрғын қораздар төбелесін тамашалап отырған.

Полицейлерді көргенде тым-тырақай қашқан олардың көпшілігі ұсталып қалған. Ақшаға бәс тіккен-тікпегені әзірге белгісіз. Алайда карантин талабын бұзғаны үшін енді олар айыппұл төлейді.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент полицейлері қалада карантин талаптары күшейтілгеніне қарамастан, қыз ұзату тойын өткізбек болғандарды тоқтатқан еді.

Полицияның мәліметінше, тойға 100 шақты қонақ келген. Алайда қазіргі уақытта бірнеше адамның жиналып, іс-шара өткізуіне рұқсат жоқ. Сол себепті тәртіп сақшылары тойды тоқтатып, карантин талаптарын бұзбау керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, келгендерді қайтарған.

Одан бөлек, шымкенттік полиция қызметкерлері күнделікті рейдтік іс-шара кезінде карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқан мейрамханы анықтаған болатын. Оған қоса, қызметкерлер мен даяшылар ғимарат ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткен.

Белгілі болғандай ол жерде 200 адамға арналған қыз ұзату тойы өтіп жатқан.

Еске сала кетсек, қазір Шымкент қаласы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1924285-symkentte-qoraz-tobelestirip-qyzyq-qugandar-zazalanatyn-boldy/

pixel