Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы жарылыс: Дәл қазір не болып жатыр (фото, видео)

Опубликовано:

Жамбыл облысы
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасындағы өрттен шыққан жарылысқа байланысты Алматы-Тараз тас жолы әлі жабық тұр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, тас жолды жол-патрульдік полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан қызметкерлері қоршап тұр. Олар оқиға орнына өткізбейді, айналып өтуге жол көрсетеді.

Жамбыл облысы
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Қазір жарылыс болған жерде өрт басылған, алайда қою қара түтін алыстан көрінеді.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын және аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Соңғы мәліметтер бойынша төтенше жағдайдан 66 адам зардап шеккен.

Алдын ала болжам бойынша әскери қоймадан шыққан өрт сол жерде сақталған тротилдың жануынан туындауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929152-zambyl-oblysyndagy-zarylys-dal-qazir-ne-bolyp-zatyr-foto-video/

pixel