Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Жарылыс
Кадр: Instagram / kris_p_kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Өрттің салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ҚМ, ТЖМ, ІІМ бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Теміржол байланысы уақытша тоқтатылды", - деп жазды президент.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын мәлім етті.

Одан бөлек, Жамбыл облысының әкімдігі оқиға болған жерге жақын маңдағы ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын мәлімдеді.

Ведомствоның дерегінше, жарылыстан зардап шеккендер саны 60-қа жеткен. Олардың 11-і - әскери қызметкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929117-zambyl-oblysyndagy-zarylys-qylmystyq-is-qogaldy/

pixel