Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 88-ге жетті

Жарияланған күні:

Кадр
Видеодан кадр: Әлеуметтік желіден алынды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әскери бөлімдегі жарылыстан 88 адам зардап шеккенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сапарбаев Жамбыл өңірлік кoммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында айтты.

Оның сөзінше, жарылыстан зардап шеккен 88 адам медициналық мекемелерге жүгінген.

Жарақат алғандарға Тараз қалалық ауруханасы мен Байзақ ауданының орталық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілгені белгілі болды.

Сонымен қатар, медициналық көмек көрсетудің арқасында жеңіл жарақат алған 60-қа жуық адам үйіне қайтарылған.

"Қазіргі уақытта Тараз қалалық орталық ауруханасында 28 адам жатыр. Оның алтауының жағдайы орташа ауыр. Бірақ өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ. Таңертең біз науқастармен кездестік, жағдайларын сұрадық. Дәрігерлерден оларға қазіргі таңда қандай көмек көрсететіндігін білдік. Дәрі-дәрмекке қатысты еш мәселе жоқ. Қазір олардың жағдайы тұрақты", - деді өңір басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын және аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Алдын ала болжам бойынша әскери қоймадан шыққан өрт сол жерде сақталған тротилдың жануынан туындауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929180-zambyl-oblysyndagy-zarylystan-zardap-sekkenderdin-sany-88-ge-zetti/