Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында жарылыстан қаза тапқандар туралы жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Жарылыс
Кадр: Instagram / kris_p_kz

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы қаза тапқан әскери қызметкерлер туралы жаңа мәлімет таратты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше төтенше жағдай кезінде қаза болғандар келісімшарт бойынша жұмыс істеген 1981 жылы туған сержант Марат Сайлауұлы Мешінбай мен 1981 жылы туған ефрейтор Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов, сондай-ақ 1969 жылы туған әскерлиндірілген күзет қызметшісі Оразбек Дайырбекұлы Далибаев және Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры әділет полковнигі Арман Қапезов.

Сержант Марат Мешінбай мен ефрейтор Руслан Жанболатов өрттің алғашқы минуттарынан бастап әскери бөлімнің өрт сөндіру командасының құрамында болды. Жарылыстардың жанында болып, олар ауыр жарақаттар алды.

"Әскерилендірілген күзет қызметшісі Оразбек Далибаев қойманы күзету жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі қызметін атқарды. Қызметтік міндеттерін атқаруда оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан қаза тапты.

Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс ведомствосы тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша барлық шаралар қабылданатын болады", - делінген министрлік түсіндірмесінде.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын және аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Әскери бөлімде жалпы саны оннан астам жарылыс болғаны анықталды.

Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев әскери бөлімдегі жарылыстан 88 адам зардап шеккенін айтты.

Апаттан кейін Нұрлан Ермекбаев өз еркімен қызметінен кетуге дайын екенін жеткізді. Министрдің сөзінше, ол бұл шешімді жарылыс туралы хабарлама алған сәтте қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929186-zambyl-oblysynda-zarylystan-qaza-tapqandar-turaly-zana-derek-syqty/

pixel