Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдағы жарылыс: Мерт болғандар саны он үш адамға жетті

Жарияланған күні:

Жамбылдағы жарылыс
Фото: sn.kz

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он үш адамға жетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы төтенше жағдай кезінде мерт болған тағы бір адамның денесі табылды. Оның жеке басы анықталуда.

Айта кетерлігі, жарылыс кезінде ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс орын алған еді. Салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, барлығы 13 адам қаза тапты.

Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

1. Темірболатов Арнұр Серікұлы - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы

2. Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3 – ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;

3. Микропуло Александр Николаевич - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі; өрт сөндіру басшысының орынбасары.

4. Төребеков Тәңіберген Кұдайбергенұлы - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 1 – МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;

5. М.К.Айманов - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары;

Сондай-ақ, үш адамның денесінің жеке бас мағлұматтары анықталуда. Жоғалған үш адам іздестірілуде.

Естеріңізге сала кетсек, аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929367-zambyldagy-zarylys-mert-bolgandar-sany-on-us-adamga-ketti/