Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Опубликовано:

қаралы күн
Көрнекі фото: halyqline.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жөнінде Қазақстан президенті Twitter парақшасында мәлімдеді.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады", - деп жазды Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Ақорда оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы мемлекет басшысының Өкімін жария етті.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды.

Соңғы деректер бойынша, барлығы 12 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929363-toqaev-29-tamyzdy-qaraly-kun-dep-zariyalady/

pixel