jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Байзақтағы жарылыс: Жоғалып кеткен өрт сөндірушінің жақындары аурухана камераларын тексермек

    Бауыржан Дәуітбаев
    Бауыржан Дәуітбаев. Фото: Отбасының жеке мұрағатынан

    Бір ай бұрын Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыстан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен Бауыржан Дәуітбаев әлі күнге дейін табылмай отыр. Ол төтенше жағдайдан қаза тапқандардың арасында жоқ, жарылыс болған жерден де оның денесі табылмаған. Бауыржанның тірі жүргеніне үміттеніп отырған жақындары енді аурухана камераларын тексермек. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына жоғалған азаматтың қарындасы Салтанат Дәуітбаева айтып берді.

    Салтанат Дәуітбаеваның сөзінше, журналистер мен туыстары Жамбыл облысының полиция департаментіне барғаннан кейін Бауыржанды іздеуге жұмылдырылған полиция қызметкерлерінің қатары көбейген.

    "Журналистер шақырылғаннан кейін жергілікті полиция департаментінің 550 қызметкері ағамды іздеуге жұмылдырылды. Содан бері полиция мен туыстарымыз оны іздеуде. Кеше олар оны түске дейін іздеді", - дейді Салтанат.

    Өкінішке қарай, іздестіру жұмыстары әлі нәтиже бермеген.

    Салтанат Дәуітбаева сұхбат барысында жақындарының тыныштығын қашырған бір жайтты тексеруді жоспарлап отырғандарын айтып қалды.

    "Жарылыс болған күні бізге ауруханадан фото жіберді - онда іш киіммен, денесі жартылай ғана көрініп, беті көрінбей жатқан ер адамның суреті болды. Сіңліме суретті жіберіп, "Суретте ағаң емес пе?" деп сұрады. Жарылыстан кейін бірден ауруханаға бардық. Олар "кеше тегі Дәуітбаев болатын бір ер адам ауруханаға түскенін" айтты. Бірақ кейін олар шатасқандарын және ондай фамилиямен ешқандай науқас түспегенін мәлімдеді.

    Біз ол кезде бұл фактіге назар аудармадық, бірақ қазір бізді "олар неге басқа адамның емес, дәл жоғалған адамның фамилиясымен шатастырды" деген сұрақ мазалап отыр. Қазір ол біздің ағамыз болған шығар деп күдіктеніп отырмыз", - дейді Салтанат Дәуітбаева.

    Ал Бауыржан Дәуітбаевтың жары Ділназ Дәуітбаева болса, суретте күйеуі болғанына сенімді.

    "Қолы, аяғы, басы, құлақ пішіні - бәрі Бауыржанға келеді. Сол күні бұл суретті ауруханадан күйеуімнің қарындасына жіберді, ол маған жіберді. Біз суретке түсірген адаммен байланысты үзіп алдық", - дейді Ділназ.

    Бүгін, 27 қыркүйекте Бауыржанның туыстары дәл сол ауруханаға барып, бейнекамералардағы жазбаларды қарап шығуды жоспарлап отыр. Олар Бауыржанның қайда екенінен ақпарат алуға үмітті.

    Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Салдарынан 17 адам қаза тапты.

    Байзақтағы жарылыс: Жоғалып кеткен өрт сөндірушінің жақындары аурухана камераларын тексермек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.