jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Тойға келген 120 адам жылқы етінен уланып қалған

    Фото
    Көрнекі фото: Qadamasia

    Қырғызстанда бір күнде 120 адам жылқы етінен уланып қалған. Олардың барлығы 10-қазан күні Созақ ауданының Бек-Абад ауылында өткен тойға барғаны белгілі болды деп жазады Sputnik Қырғызстан.

    Белгілі болғандай, ауруханаға 124 адам түскен. Жалал-Абад ауданаралық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және жұқпалы аурулардың алдын алу орталығының басшысы Рома Ураимовтың айтуынша, ауылда сүндет той өткізу үшін жылқы сойылған.

    Жергілікті тұрғындар келесі күні дәрігерлерге қарала бастапты. Ураимов науқастардың арасында туыстары тойдан үйге әкелген жылқы етін жегендер де бар екенін атап өтті. 16 адам ауруханаға жатқызылды, қалғандары үйде ем қабылдап жатыр. 

    "Қазір науқастардың барлығы бақылауда. Ауруханаға жатқызылғандардың арасында төрт жасөспірім бар. Эпидемиологиялық тексеріс жүргізілуде", - деді орталық басшысы.

    Жалал-Абад облысы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі тойды 57 жастағы ер адам өткізгенін хабарлады. Ол 9 қазанда жылқы сойған, ал 10 күні мереке өтті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

    Тойға келген 120 адам жылқы етінен уланып қалған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.