Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан халқы Ассамблеясы Пенжімдегі жаппай төбелеске қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Төбелес
Көрнекі фото: ua.news

Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми өкілі Майя Бекбаева Алматы облысы Пенжім ауылындағы жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ол оқиғаға қатысты пікірін Facebook желісінде жазды.

"Кеше күндізгі уақытта Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылының жергілікті мектебінде екі жоғары сынып түлектерінің арасында келіспеушілік туындап, оқушылар арасында төбелеске ұласты. Өкінішке қарай, төбелес барысында оқушылардың бірі зардап шекті, оған қажетті көмек көрсетілді. Ол қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Кешке ауылда жергілікті тұрғындар жиналып, мектеп аумағында болған топтық төбелес салдарынан аталмыш жағдайдың орын алуына байланысты наразылықтарын білдірді", - дейді Бекбаева.

Майя Бекбаева кейбір жасөспірімдер мен жастар эмоцияның және арандатушылардың әсерінен бірнеше жеке үй мен көліктердің әйнектерін сындырғанын да атап өтті.

"Ауыл тұрғындары арасында этносаралық негізде қандай да бір жанжалдың, әсіресе қақтығыстардың жоқ екенін және оған жол берілмейтінін ерекше атап өткім келеді. Жергілікті тұрғындар - қазақтар да, ұйғырлар да жылдар бойы бірге тұрып келеді, бір-бірінің достары мен көршілері, олардың барлығы шын жүректен бейбітшілік пен тыныштықты қалайды", - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі.

Майя Бекбаеваның айтуынша, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының қоғамдық орынбасары Зәкіржан Күзиев, ҚХА хатшылығы және облыстық ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы және "Қоғамдық келісім" КММ директоры қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Қазіргі уақытта Пенжім ауылындағы жағдай тұрақты.

Еске салайық, 27 қазан күні кешке Пенжім ауылында 9 және 10-сынып оқушыларының арасында жаппай төбелес болды.

Салдарынан 16 жастағы жеткіншек зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1939431-qazaqstan-xalqy-assambleyasy-penzimdegi-zappai-tobeleske-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel