Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пенжімдегі жаппай төбелестен зардап шеккен баланың қазіргі жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

1
Видеодан кадр: instagram.com/taldykorgan_online

Алматы облысы Пенжім ауылындағы жаппай төбелестен зардап шеккен 16 жастағы жасөспірімнің қазіргі жағдайы белгілі болды. Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство дерегіне сүйенсек, 2005 жылғы пациент Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына 27 қазан күні түскен.

Науқас ашық бас сүйек-ми жарақатын алғандықтан, жалпы жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

"Диагнозы: бас сүйек-мидың ашық жарақаты, мидың ауыр дәрежедегі жарақаты, оң жақ самайдың жарақаты. 2-3 дәрежелі травматикалық шок. Есін біледі", - дейді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 27 қазан күні кешке Пенжім ауылында 9 және 10-сынып оқушыларының арасында жаппай төбелес болды.

Салдарынан 16 жастағы жеткіншек зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі бойынша (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалды.

Кейін Алматы облысының полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты. Құзырлы органның мәліметінше, бір топ адам бірқатар жекеменшік үйдің терезесін, сондай-ақ бірнеше көлікті сындырған.

Қазір аталмыш фактіге қатысты "Адамдар тобымен жасалған бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1939407-penzimdegi-zappai-tobelesten-zardap-sekken-balanyn-qazirgi-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel