jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қостанайлық кәсіпкерлер төрт баланы өрттен аман алып қалған оқушыға көлік сыйлады (фото)

    Олег Пирог
    Олег Пирог. Фото: Instagram/arkhimed_mukhambetov

    Қостанай облысында төрт баланы өрттен құтқарған Олег Пирогқа сый-құрмет көрсетілді. Кәсіпкерлер оқушының ерлігін жоғары бағалап, оған отандық автокөліктің кілтін табыстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

    "Бүгін "Allur" компаниялар тобы мемлекет басшысының үндеуін қолдай отырып, Олег Пирогқа отандық Chevrolet Nexia автокөлігінің кілтін табыстады. Өз кезегінде, мен Олегке ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс хатын табыстадым, сондай-ақ Олег Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды, ал Олегтің анасы Валентина Пирог анасы ҚР ТЖМ алғыс хатымен марапатталды", - дейді ол.

    Аймақ басшысы Олегтің ата-анасына осындай ұл тәрбиелегені үшін тағы да алғыс айтты.

    "Олегтің әрекеті балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де үлгі", - дейді Архимед Мұхамбетов.

    Айта кетейік, өрт болған күні Олег көшеде ойнап жүрген. Кенет көрші үйден қалың түтінді байқап қалған.

    Олег мұнда көп балалы отбасы мен кәмелетке толмаған балалар тұратынын білетін дейді Қостанай облысының төтенше жағдай департаменті.

    Сондықтан ол өрт сөндірушілердің келуін күтпей, түтіндеген үйге терезе арқылы кіріп, өз өмірін қатерге тігіп, кезекпен төрт баланы көшеге шығарған.

    Қостанайлық кәсіпкерлер төрт баланы өрттен аман алып қалған оқушыға көлік сыйлады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.