Алматыдағы тәртіпсіздіктер: Қаланың басты алаңдарында не болып жатыр (фото, видео)

Опубликовано:

Беспорядки в Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 4-5 қаңтарда жаппай наразылық акциялары өтіп, оның соңы тәртіпсіздікке ұласты. Қаланың басты алаңдарында не болып жатқаны туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі баяндайды.

4-і күні кешке көшелерде демонстранттардың алғашқы колонналары пайда болды. Түн ортасына қарай наразылық білдірушілер саны арта түсті, нәтижесінде олар Республика алаңына қарай жылжи бастады.

Полиция алаңды жауып тастады, шлагбаумдар орнатылып, жеке құрам тартылды, күштік құрылымдарға қалқан берілді. Алаңда арнайы техника да болды.

Белгілі уақыттан соң наразылықтар жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Наразылық білдірушілер полиция қызметкерлерінің бірін соққыға жыққаны хабарланды. Видеодан алаңнан алыс емес жерде көлік өртеніп жатқанын, сондай-ақ жиналғандарға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданылғанын көруге болады.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін қазақстандықтарды зорлық-зомбылық пен заңсыздықтың алдын алуға шақырып, екі рет үндеу жолдаған болатын. Көп ұзамай мемлекет басшысы Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай жариялады.

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949771-almatydagy-tartipsizdik-qalanyn-basty-alandarynda-ne-bolyp-zatyr-foto-video/

jitsu gif