jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада апалы-сіңлілі әйелдер притон ұйымдастырды деген күдікке ілінді: 15 адам ұсталды (видо)

    күдіктілерді ұстау сәті
    Күдіктілерді ұстау сәті. Видеодан кадр: Бас прокуратураның Telegam-дағы арнасы

    Астанада апалы-сіңлілі екі әйел және олардың жұбайларын қоса алғанда 15 адамға притон ұйымдастыруға қатысы бар деген айып тағылды. Тергеп-тексеру аяқталды, қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

    Бас прокуратура мәліметінше, тергеу барысында 2023 жылдан 2025 жылға дейін апалы-сіңлілі әйелдер өз жұбайларымен бірге тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырғаны анықталды.

    "Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына күзетшілер, әкімшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қызметтерді жарнамалаумен айналысқан тұлғалар кірген.

    Ұйымдастырушылар қаладағы түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс, тұрғылықты үй, қауіпсіздік және құпиялылықты қамтамасыз етуге уәде берген", - делінген хабарламада.

    Бұдан бөлек олар клиенттердің алкогольге мас күйде болғанын пайдаланып, оларға күш қолданып, ақшалай қаражаттарын бопсалаған, сондай-ақ оларды жалға алынған пәтерлерде заңсыз ұстаған деген күдікке ілінген.

    Барлық 15 адам ұсталып, оларға қатысты күзетпен ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған.

    Елорда прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жолдады.

    Айыпталушылардың әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға сот отырысы барысында беріледі.

    Астанада апалы-сіңлілі әйелдер притон ұйымдастырды деген күдікке ілінді: 15 адам ұсталды (видо)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram