Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында тәртіпсіздік кезінде қанша адамның қаза тапқаны белгілі болды

Опубликовано:

індет74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қызылорда облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде 21 адам қаза тапты. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Медициналық көмекке 204 адам жүгінген. Соның ішінде қазіргі уақытта 48-і ауруханада, 13-і жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың 7-еуі әскери қызметшілер. Бір әскери көз жұмды. Жалпы қаза тапқандардың саны - 21", - делінген Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Естеріңізде болса, бұған дейін өңірде терроризм бойынша күдікке ілінген 27 адам ұсталғаны туралы хабарланған болатын.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігінің 9 қаңтар күні жария еткен ресми мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда орын алған тәртіпсіздіктер кезінде 164 адам қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1950337-qyzylorda-oblysynda-tartipsizdik-kezinde-qansa-adamnyn-qaza-tapqany-belgili-boldy/

pixel