Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қала әкімін өзіміз сайлаймыз": Алматыда бейбіт митинг өтті (фото)

Опубликовано:

қала әкімін өзіміз сайлаймыз
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда бейбіт митинг өтті. Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдындағы алаңға 200-ге жуық адам жиналды. Акцияның мақсаты – әкімдерді сайлау құқығын халыққа беру деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қала әкімін өзіміз сайлаймыз", "Әкімдер сайлансын", "Менің қалам, менің әкімім, менің таңдауым", "Халық талабына құлақ асыңыздар", "Досаев біздің әкім емес", "Батыр қала Алматыға Досаев лайық емес", - деп жазылған митинг қатысушыларының плакаттарында.

Митинг в Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
"Қаламыздың есігі ашық, Досаев бұл жерден кетсін. Біз әкімді сайлау құқығына ие болу үшін қан төктік. Осыған дейін бізге келген әкімдердің барлығы ашық диалог жүргізбеді. Қаламыздың басшысын өзіміз сайлағымыз келеді. Оны өзіміз таңдаймыз. Досаев диалог жүргізе алмайтынын және қаламайтынын көрсетті. Сағынтаевтан еш жері артық емес. Біздің басты талабымыз - әкімдерді сайлау", - деп мәлімдеді белсенділердің бірі.
Митинг в Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Митингке келген тағы бір азамат Бақытхан Ақылбай 25 жыл бұрын мегаполистен Алматы облысына көшіп кеткенін, бірақ бүгін митингке қатысу үшін Алматыға арнайы келгенін айтты.

"Мен Қазақстанда демократия болғанын қалаймын", - деп атап өтті азамат.

Бақытхан Ақылбай
Бақытхан Ақылбай. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
"Алматы әкіміне қатысты айтарым: 21 ғасырда біз, қазақстандықтар, өз қаламыздың әкімін сайлай алмайтынымыз - жол беруге болмайтын нәрсе деп ойлаймын. Қала, аудан әкімдерін сайлау, мәслихат, парламент сайлауы – біздің құқығымыз.

Біздің елімізді банктер басқарады. Қазақстан әлем бойынша несие көп алатын елдердің бірі. 8 миллион немесе одан да көп адамның несиесі бар. Жалғыз шешім - жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды қабылдау.

Қазақстандықтардың басым көпшілігінің несиеден басқа мүлкі жоқ. Тіпті өлім де қарызыңды жаба алмайды. Банктік лобби заңның қабылдануына қарсы болды. Бірақ бізге көмектесетін шара – осы заңның қабылдануы. Негізі, тек Алматы ғана емес, барлық әкімдер сайлануы керек", - деді жиында сөз алған Рахым Ошақбаев.
Митинг в Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Митингте "Феминита" қозғалысының өкілдері де сөз сөйледі. Жанар Секербаева Алматының әкімі әйел адам болуы керек екенін мәлімдеді.

Феминита
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954733-qala-akimin-ozimiz-sailaimyz-almatyda-beibit-miting-otti-foto/

pixel