Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолды кесіп өтіп бара жатқан: Атырауда зейнеткерді көлік қағып кетті

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырауда Toyota Sienna көлігін тізгіндеген жүргізуші зейнеткерді қағып кетті деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

Оқиға 18 ақпан күні кешкі сағат 20.00 шамасында Досмұхамбетов көшесінде болған.

Арменияда тіркелген Toyota Sienna көлігінің 47 жастағы жүргізушісі жаяу жүргінші өткелінен тыс жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 85 жастағы ер адамды қағып кетті.

Ол ауыр жарақат алып, көп ұзамай ауруханада көз жұмды.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында болған жол апатынан жолаушы көз жұмып, екі адам ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957025-zoldy-kesip-otip-bara-zatqan-atyrauda-zeinetkerdi-kolik-qagyp-ketti/

pixel