Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Опубликовано:

Мәйіт
Көрнекі фото: ekaraganda.kz

Тереңкөл ауылының шетінде 44 жастағы ер адам өлі күйінде табылды. Еріктілер 1 наурыз күні ер адам белгісіз бағытта шығып, жоғалып кеткені туралы хабарлама жариялаған еді. Іздеу нәтижесінде оның денесі бір аптадан кейін табылды. Бұл фактіні Павлодар облысының полиция департаментінде растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін Instagram желісіндегі жергілікті пабликте ер адамның жоғалғаны туралы жазба жарияланған болатын. Онда ауыл тұрғыны Тереңкөлдегі үйден шыққаны жазылған. Осыдан кейін оны ешкім көрмеген екен.

Оны іздеу жұмыстары бір жетіге созылған. Артынша, 7 наурыз күні жоғалған адамның денесі табылған.

Бұл фактіні Павлодар облыстық полиция департаменті растады.

"7 наурызда сағат 12.00-де Тереңкөл ауылының шетінде Железин ауданы тұрғынының мәйіті табылды. Денесінде зорлық белгілері жоқ. 1 наурыздан бастап ер адам хабар-ошарсыз кеткен. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бүгін, 10 наурызда Чехияда қазақстандық студенттің жоғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Жас жігіттің жоғалғаны туралы ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады.

Жігіттің жоғалғаны туралы ақпарат kdovi.cz Instagram парақшасында жарияланды. Ақпаратта 20 жастағы қазақстандықтың Прагада оқитыны, бірақ 26 ақпаннан бері байланысқа шықпағаны көрсетілген.

Сондай-ақ, студенттің жақындары Чехияда жүрген қазақстандықтардан Олегті іздеу жұмыстарына көмектесуді өтінеді.

Осы ретте, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, қазір Чехияда жас жігітті іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1960027-pavlodar-oblysynda-zogalyp-ketken-er-adamnyn-maiiti-tabyldy/

pixel