Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ Шымбұлақтағы адам өлімімен аяқталған қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты

Жарияланған күні:

Тау
Көрнекі фото: pixabay.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі бүгін Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты аумағында адам өлімімен аяқталған оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ТЖМ-ның мәліметінше, 10 наурызда "Шымбұлақ" тау шаңғы курортының жоғарғы жағында 1975 жылы туған азамат тау баурайымен сырғанап келе жатып, трасса қоршауынан шығып кетіп, қар басқан аумақты қиып өткен.

"Оның осы әрекеті қар көшкінінің жүруіне себеп болды. Оқиға салдарынан 1975 жылғы туған азамат қайтыс болды. "Шымбұлақ" ТШК құтқарушылары оның денесін қар көшкіні астынан алып шықты", - дейді ведомстводан.

Ер адамның өліміне қатысты "Шымбұлақ" ТШК да ресми сайтында пікір білдірді.

Олардың дерегінше, марқұмда өзімен бірге қар көшкіні кезінде қолданылатын бипер, бұрғы, күрек сынды арнайы жабдықтар болмаған.

Ер адам басынан алған жарақат салдарынан көз жұмған.

ТЖМ қазіргі уақытта (Комби-2) арқан жолдың жұмысы тоқтатылғанын, түскен қар массасының көлемі анықталып жатқанын атап өтті.

Оқиға орнында ТЖ департаментінің 1 қызметкері мен 1 техникасы, Республикалық жедел - құтқару жасағының 8 қызметкері және 1 техникасы, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің 2 қызметкері жұмыс істеген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының ТЖД смс хабарлама арқылы тұрғындарға таудағы көшкін қаупі туралы ескерткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1960091-tzm-symbulaqta-bir-adam-qaza-bolgan-qaigyly-oqiganyn-man-zaiyn-aitty/