Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір адам қаза тапқан: Алматыдағы Шымбұлақта қар көшкіні болды

Опубликовано:

Қар көшкіні
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 10 наурызда Алматыдағы "Шымбұлақ" тау-шаңғы кешені аумағында бес мәрте қар көшкіні болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, "Шымбұлақ" тау-шаңғы кешені болған оқиғаны растаған.

Сонымен бірге, қар көшкіні кезінде қайтыс болған адам туралы дерек те расталған.

Кейінірек, "Шымбұлақтың" ресми сайтында болған жайтқа қатысты ресми хабарлама жарияланды.

Курорт әкімшілігінің хабарлауынша, келушілердің бірі қар көшкіні кезінде қар көшкінін түсіретін құралмен соқтығысып қаза тапқан. Ол қайғылы оқиға кезінде шаңғы теуіп жүрген екен.

"Шымбұлақ" ТШК жариялаған оқиға хронологиясына сәйкес, сағат таңғы 10:58-де курорт құтқаушыларына "Комби-2" сегізінші тірегінің жоғары аумағында қар көшкіні болғаны туралы ақпарат түскен.

Сағат 11:02-де оқиға орнына келген құтқарушылар ер адамның денесін тапқан. Құтқару операциясы үш минутқа созылған.

Сағат 11:05-те шаңғышыны қар құрсауынан шығарып алған. Алайда бұл кезде ер адамнан тыныс-тіршілік белгілері байқалмаған.

Сағат 11:25-те оны медициналық пунктке жеткізген. Ал сағат 11:29-да шаңғышының өлімі тіркелген.

Курорт әкімшілігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1960067-bir-adam-qaza-tapqan-almatydagy-symbulaqta-qar-koskini-boldy/

pixel