Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласында бір тәулікте 120-дан аса жол апаты тіркелді

Опубликовано:

Қала
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

23 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында 120-дан астам жол көлік оқиғасы тіркелген. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елорданың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ірі жол апаты 14:30-да Қосшыдан Нұр-Сұлтанға барар тасжолда тіркелген. Бұнда 12 көлік соқтығысқан.

"Жол апатына - кінәлі тұлғалардың метеорологиялық жағдайда жылдамдық режимін сақтамауы себеп болып отыр. Жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Дәрігерлер үш адамды тексерген соң, үйіне жіберді. Аталған факті бойынша мән-жайды анықтау жұмыстары жүргізілуде", - деп хабардар етті полициядан.

Ведомство ауа райының қолайсыздығына байланысты қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге тәртіп сақшылары барынша көмектескенін атап өтті.

Осы орайда полиция көлік жүргізушілеріне жолда мұқият болуға, белгіленген жылдамдық режимі мен қашықтықты қатаң сақтауға, бірден тежегішті баспауға шақырды.

Сонымен қатар, полицейлер көлік жүргізушілерін ғана емес, жаяу жүргіншілерді жолда аса сақ болуға шақырып отыр.

Ведомство тұрғындарды тек рұқсат етілген жерден өтуге және жолдан өткен кезде құлаққапты шешіп, телефонмен сөйлеспеуге шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысындағы тасжолда 23 наурызда екі жол апаты болғанын хабарлаған едік. Біріншісінде 15 көлік, екіншісінде 10 көлік соқтығысқан.

Абырой болғанда жол апатынына ешкім зардап шекпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961869-nur-sultan-qalasynda-bir-taulikte-120-dan-asa-zol-apaty-tirkeldi/

pixel