Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында 25 көліктің қатысуымен екі жол апаты болды (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Видеодан кадр: instagram.com/shchuchinsk_life

Ақмола облысында тас жолда 23 наурызда екі жаппай жол апаты болды. Бірінші оқиғада 15 көлік, екіншісінде 10 көлік соқтығысқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бірінші жол апаты 23 наурызда сағат 13:30-да Нұр-Сұлтан - Щучинск тас жолының 456-шақырымында Бозайғыр ауылы маңында болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі бірден тежегішті басып, артта келе жатқан 15 көліктің соқтығысуына жол берген.

Екінші жаппай жол апаты Нұр-Сұлтан - Теміртау тас жолының 1331-шақырымында болған. Мұнда 10 бірдей көлік соқтығысқан.

"Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. Автокөліктерге механикалық зақым келген", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінен.

Ведомствоның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан жол апаты орын алған жерлерге бару кезінде қиындық туындаған.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға ауа райының нашарлағанын, елдімекендерден басқа жаққа шықпауды ескертті.

Өңірлік ПД жеке құрамымен республикалық маңызы бар бірнеше тас жолда көліктің барлық түрі үшін қозғалысты жабу ұйымдастырылған. 39 блокбекет қойылып, онда 67 қызметкер мен 39 көлік жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтаннан шыға берісте 110-ға жуық көлік кептеліп қалғанын жазған едік. Осыған байланысты құтқарушылар алыс жолға шықпауды сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961830-aqmola-oblysynda-25-koliktin-qatysuymen-eki-zol-apaty-boldy-video/

pixel