Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда өртенген үйден төрт адамның денесі табылды

Опубликовано:

Қостанайда өрттен төрт адам қаза тапты
Оқиға орны. Фото: instagram.com/qostanai_tjd

Қостанай қаласында 2 қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Instagram парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 27 наурыз күні сағат 13:57-де болған. Өрт екінші қабаттағы 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

Оқиға орнынан үйді жалға алған 1988 жылы туған азаматтың денесі табылған. Сондай-ақ ер адаммен бірге тұрған 1985 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

Одан бөлек өрт сөндірушілер басқа бөлмеден туыстарына қонаққа келген 2011 және 2013 жылы туған екі қыздың денесін тапқан.

Өрт сағат 15:05-те сөндірілген. Өртті сөндіруге ТЖД 23 қызметкері мен 5 арнайы техникасы жұмылдырылған. Қазіргі таңда оқиға орнында ТЖД сынақ зертханасының мамандары жұмыс істеуде және тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавлда өртенген тұрғын үйден бес адамның денесі табылғанын жазған едік.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 13 наурыз күні 4 пәтерлі тұрғын үйде болған.

Өртті сөндіру барысында үйден 1975, 1979, 1960 жылдары туған үш ер адам мен 1960, 1967 жылдары туған 2 әйел адамның денесі табылған.

Сол кезде мамандар өрттің шығуына алкогольдік ішімдік ішіп, төсекте темекі тарту себеп болуы мүмкін деген болжам жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1962400-qostanaida-ortengen-uiden-tort-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel