Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да қызыл суға шыдас бермеген ауыл мектебінің бір бөлігі құлап қалды (фото)

Опубликовано:

Мектеп
Оқиға орнынан фото: sarapshy.info

БҚО-ның Қаратөбе ауданы Шалғын ауылының тұрғыны еріген қар суының салдарынан мектеп ғимаратының бір бөлігі құлап қалғанын, айтып дабыл қақты. Ауыл тұрғынының жанайқайын sarapshy.info порталы жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жазба авторының сөзінше, іргетасы 1988 жылы қаланған мектеп ғимараты тосыннан келген қызыл суға шыдас бермеген. Тұрғын мектеп салынғаннан бері жөндеу көрмегенін алға тартады.

мектеп ғимараты
Оқиға орнынан фото: sarapshy.info

"Мектебіміздің қазіргі жағдайы өте мүшкіл. 2022 жылдың 28 наурызы күні қырдан келген қызыл су мектептің жапсарлас бөлігін түгелдей дерлік жалмап кетті. Кітаптар мен құжаттар суға кетті. Ұстаздар мен ауыл халқы шарасыз күйде.

Кітаптар
Оқиға орнынан фото: sarapshy.info

Ауыл азаматтары өз техникаларын жұмылдырды. Трактормен құм тасып төседі. Қызметкерлер біресе су тасып, біресе кітап пен құжат тасып жүгіріп, шаршады. Халықтың осы жерде шоғырланып, түтінін түтетіп отырғандағы себебі – балаларының білім алатын мектебі ғана. Мектеп жойылса, ауыл да үдере көшпек", - дейді автор.

мектеп
Оқиға орнынан фото: Facebook/Гульмира Абыкай

Аталған мәселенің түйінін шешуге журналист Гүлмира Әбіқай да кіріскен. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында облыс басшылығын бұл жағдайға назар аударуға шақырды.

мектеп
Оқиға орнынан фото: sarapshy.info

Осы жайтқа қатысты БҚО білім басқармасы пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, Қаратөбе ауданының Шалғын негізгі орта білім беретін мектебінің ғимараты 1988 жылы саман кірпіштен салынған, жапсарлас екі ғимараттан тұрады. Тасқын су мектептің бірінші ғимаратына зақым келтірген.

Облыстық білім басқармасы ауылға жаңа мектеп салу 2023 жылға жоспарланып отырғанын атап өтті. Бұл Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасына сәйкес, 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.

"Қазіргі уақытта, оқу процесі мектептің бүлінбеген екінші ғимаратында өтуде", - деп қосты БҚО білім басқармасы.

мектеп
Оқиға орнынан фото: sarapshy.info

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1963074-bqo-da-qyzyl-suga-sydas-bermegen-auyl-mektebinin-bir-boligi-qulap-qaldy-foto/

pixel