Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда айырбастау пунктінен шығып бара жатқан ерлі-зайыптыға шабуыл жасалды

Опубликовано:

Тапанша
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда валюта айырбастау пунктінен шығып бара жатқан ерлі-зайыптыға қарашылық шабуыл жасалды. Белгісіз адам оларға травматикалық тапаншадан оқ атқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға Жетісу-4 шағын ауданындағы ақша айырбастау пунктерінің бірінде болған.

Қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ерлі-зайыптының рюкзагында ақша бар деп ойласа керек. Алайда бұл сәтте олардың сөмкелері бос болған.

"Абырой болғанда ер мен әйелдің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Күдікті Жамбыл облысының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Жамбыл облысы ауылдарының бірінде ұсталды.

Қазір Алматыға ауыстырылып, қамауға алынды. Қылмыстық іс қарақшылық шабуыл дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жалғасуда", - дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте шағын несие ұйымына қарақшылық шабуылды қолдан ұйымдастырды деген күдікпен мекеме қызметкерінің ұсталғанын хабарлаған едік.

Тергеу барысында кассирдің ұрлықты жасыру мақсатында осындай әрекетке барғаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1965841-almatyda-aiyrbastau-punktinen-sygyp-bara-zatqan-erli-zaiyptyga-qarasylyq-sabuyl-zasaldy/

pixel