Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда тұрғыны 16 жастағы қызына белгісіз ер адам тиіспек болғанына шағымданды

Опубликовано:

Зорлық-зомбылық
Көрнекі фото: pexels.com

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны полицейлерге 16 жастағы қызын аңдыған бейтаныс ер адам үйінің кіреберісіне дейін қызының соңына түсіп, оған тиіспек болды деген шағым түсірді. Бұл жайт кіреберістегі бейнекамераға жазылып қалған. Ер адамға қатысты қалалық полиция "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Болған оқиға жайлы "Не молчи" қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі желідегі парақшасында баяндады.

"Бұл жайт кешкі 21.15-те болды. 16 жастағы оқушы қыз құрбысының үйінен қайтып келе жатқан. 50-ші автобуста бейтаныс ер адам да онымен бірге келе жатқан. Оқушы қызбен Сейфуллин көшесіндегі аялдамадан еріп шыққан ер адам қыздың үйінің алдында онымен таныспақшы болған. Қыз домофонды басып, подъезге кіргенде ол да артынан еріп кірген. Оқушы қыз лифт шақырған, алайда ер адамнан қорқып, оған мінбеген.

Шошыған қыз баспалдақпен көтерілген. 3-қабаттың тұсында ер адам қызды бұрышқа тақап, оның денесіне қол жүгірте бастаған. Қыз оның көзілдірігін сындыратынын айтып, өзіне тиіспеуін өтінген. Сол кезде ол көзілдірігін шешкен. Оқушы қыз сол сәтті пайдаланып, ер адамның көзін шұқып, оның қолынан сытылып шыққан. Ер адамның ашуынан сескеніп, айғайлауға қорыққан", - дейді Дина Таңсәрі.

Қоғам белсендісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бұл жайт бойынша "Ұсақ бұзақылық" бабымен іс қозғап отырғанына қынжылған.

"Полиция ұсақ бұзақылық бабымен іс қозғап отыр. Бұл жерде зорлық жасауға талпыну әрекеті болғаны көзге көрініп тұр. Жасөспірім оған қарсылық көрсеткен, яғни бұл қыздың еркінен тыс болған жағдай", - деп жазды "Не молчи" жетекшісі.

Осы оқиғаға байланысты қалалық ПД пікір білдірді.

Полиция мәліметінше, 18 сәуірі күні кешкі сағат 22:22-де 102 нөміріне елорда тұрғынынан үйінің кіреберісінде 16 жастағы қызына белгісіз біреудің тиіскені туралы хабарлама келіп түскен.

"Полиция қызметкерлері ер адамды анықтау мақсатында іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, тәркіленген бейнежазба іс материалдарына тіркелді. Қылмыскердің әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Бұл факті полиция департаменті басшылығының бақылауында", - дейді ресми органның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1966110-elorda-turgyny-16-zastagy-qyzyna-belgisiz-er-adam-tiispek-bolganyna-sagymdandy/

pixel