Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда үш метрлік шұңқырда құм астында қалған екі ер адам құтқарылды

Опубликовано:

Құм астында қалғандарды құтқару жұмыстары
Оқиға орнынан фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда үш метрлік шұңқырда құм астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Оқиға су құбыры үшін ор төсеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқан уақытта болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz Павлодар облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 14:06-де "112" пультіне Кисловодская 77 мекенжайында зардап шеккендер туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына 7 құтқарушы мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы барған. Оқиға орнына жеткен олар су құбыры үшін ор төсеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқан кезде екі ер адамның құмға көміліп қалғанын анықтаған.

Осыдан кейін мамандар жергілікті тұрғындармен бірлесіп, бірден құтқару жұмыстарына кірісіп, топырақ астында қалған 1970 және 1976 жылдары туған ер адамдарды шығарып алған.

Құтқарылған азаматтарға апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдемге тапсырған.

Олардың бірі 45 жастағы павлодарлық облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, оған жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы диагнозы қойылған.

"Оның асфиксияға байланысты жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр", - деп толықтырды ведомстводан.

Ал екінші зардап шегуші өзін қалыпты сезінеді, дейді дәрігерлер. Ол амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген.

Осы ретте Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті барлық азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып отыр. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1967294-pavlodarda-us-metrlik-sunqyrda-qum-astynda-qalgan-eki-er-adam-qutqaryldy/

pixel