Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда ер адам сегізінші қабаттан құлай жаздаған балақайды құтқарып қалды (видео)

Опубликовано:

Ер адам
Оқиға орнынан түсірілген кадр: t.me/astanovka98

Әлеуметтік желіде ер адамның жоғарғы қабаттан құлауға шақ қалған баланы құтқарған сәтінен видео тарады. Бейнежазба Нұр-Сұлтан қаласында түсірілген. Бұған қатысты елорданың төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқыс жағдай бүгін сағат 10:30-да елорданың "Қамал-2" тұрғын үй кешенінде тіркелді.

Қыз баланың ата-анасы сол сәтте үйде болғанымен, балақайдың өміріне қауіп төнгенде жанында ешкім болмаған.

Қыз баланы жетінші қабатта тұратын көршісі Шонтақбаев Сәбит Серікұлы құтқарды.

Терезеден құлауға шақ қалған үш жасар қызды құтқару үшін ер адам өз өмірін қатерге тіккен.

Бұл жайттың видеосы желіде тарап, ерлік танытқан азамат марапатталатын болды, деп хабарлайды елорданың төтенше жағдайлар департаментінен.

Осы ретте құтқарушылар ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмау керек екенін ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін шымкенттік өрт сөндірушілердің жертөледен шыққан өрттен екі баланы құтқарғанын жазған едік. Төтенше жағдай 10 мамыр күні кеші сағат жеті шамасында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1968757-nur-sultanda-er-adam-segizinsi-qabattan-qulauga-saq-qalgan-balaqaidy-qutqardy/

pixel