Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған 1,5 жасар бала ауруханада көз жұмды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

15 мамырда Павлодарда оқыс оқиға болып, бір жарым жасар бала тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлап кеткен еді. Алайда қыз бала ауруханада көз жұмды.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, оқиға Толстой көшесінде орналасқан үйлердің бірінде болған.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы балаға кататравма, ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, травматикалық шок диагнозы қойылғанын хабарлады.

Жедел жәрдем қызметі бүлдіршінді тез арада ауруханаға жеткізіп, өкпені жасанды желдету аппаратына қосты.

Дәрігерлер бір жарым жасар қыз баланың өмірі үшін екі күн күресті. Алайда ол 18 мамыр күні көз жұмды.

Ведомство мәліметінше, бала ауруханаға жеткізілгенде комада болған.  

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған 1993 жылы туған тұрғынның аман қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1969981-pavlodarda-togyzynsa-qabattan-qulagan-15-zasar-bala-auruxanada-koz-zumdy/

pixel