Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйде анасы мен баласы болған": Шымкенттегі жарылыстан көрші үйдің лоджиясы тұтас опырылып кетті (видео)

Опубликовано:

Шымкенттегі жарылыстан тұрғын үйлерге зақым келді
Тұрғын үйдің лоджиясы опырылды. Видеодан кадр: KAZ.NUR.KZ

Шымкенттегі перзентхананың зертханасында болған жарылыс салдарынан перинатальды орталыққа жақын орналасқан үйлерге зақым келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жарылыс кезінде перзентханаға жақын орналасқан тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерге нұқсан келді. Пәтердің лоджиясы түгел қирап қалған.

Жарылыс кезінде үйде анасы мен кішкентай баласы болған. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, жарылыс орын алған уақытта ана мен бала пәтердің лоджиясында емес, көрші бөлмеде болған.

"Шымкент қаласы Сасбұқаев көшесіндегі 32-үйдің тұрғындары толық қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен немесе жарақат алғандар жоқ. Бесінші қабаттағы пәтерден басқа 2,3,4-ші қабатта орналасқан пәтерлердің терезелері қираған", - деп хабарлады қалалық ТЖД бөлімінің баспасөз қызметі.

Айта кетелік, бүгін Шымкенттегі перзентхана зертханасында жарылыс болып, бір адам қаза тапты.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970397-uide-anasy-men-balasy-bolgan-symkenttegi-zarylystan-korsi-uidin-lodziyasy-tutas-opyrylyp-ketti-video/

pixel