Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүлде есін жиған жоқ": Ақтөбе облысындағы жол апатынан бір үйдің үшінші адамы қайтыс болды

Опубликовано:

Жол апатынан бір үйдің үш адамы қаза тапты
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында жол апатынан соң қара жамылған отбасы тағы бір жаннан айырылды. Мектеп бітіруіне санаулы күн қалған 17 жастағы бала ес жимастан, қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты Байғанин аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Абзалбек Иманбаев растады.

"Әкесі мен баласы 20 мамырға қараған түні жансақтау бөліміне түсті. Жол апатынан кейін баланың жағдайы өте ауыр еді, комада жатты. Бас сүйегі сынып, миы ісіп кеткен. Санавияциямен облыстан дәрігерлер келді. Түске дейін ота жасалды. Өкінішке қарай, ауыр жарақат салдарынан түстен кейін қайтыс болды. Бала мүлде есін жимады. Ал әкесі ауруханада ем алып жатыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ер адамның алты баласы бар. Үлкені мен кенжесі және жұбайы жол апатынан қайтыс болды," - деді Байғанин аудандық ауруханасының бас дәрігері Абзалбек Иманбаев.

Оқиға болған күні бір отбасы мүшелері Жарлы ауылынан аудан орталығына келе жатқан. Марқұмдардың денесі бүгін Қарауылкелді ауылындағы өз үйлерінен шығарылады.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 20 мамыр күні сағат түнгі 00:10 шамасында "Ақтөбе–Астрахань" тас жолының 248 шақырымында, Қарауылкелді ауылынан бір шақырым жерде тіркелді. Жеңіл көлік жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соқтығысқан.

Оқыс оқиға салдарынан анасы мен үш жасар қызы және 17 жастағы ұлы қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970426-mulde-esin-zigan-zoq-aqtobe-oblysyndagy-zol-apatynan-bir-uidin-usinsi-adamy-qaitys-boldy/

pixel