Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анасы мен үш жасар қызы көз жұмды": Ақтөбе облысында бір отбасы мінген көлік жол апатына ұшырады

Опубликовано:

Ақтөбе облысында жол апатынан анасы мен қызы көз жұмды
Жол апаты болған жер. Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында қайғылы оқиға тіркелді. Түн ішінде болған көлік апатынан анасы мен үш жасар қызы көз жұмған. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасы мәлімдеді.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 20 мамыр күні сағат түнгі 00:10 шамасында "Ақтөбе–Астрахань" тас жолының 248 шақырымында, Қарауылкелді ауылынан бір шақырым жерде тіркелді. Жеңіл көлік жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушінің 41 жастағы әйелі мен 3 жасар қызы оқиға орнында көз жұмды. Отағасы кәмелетке толмаған 2005 жылғы ұлымен Байғанин аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды", - деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысы ПД барлық көлік жүргізушісінен жолда жүру қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970260-anasy-men-us-zasar-qyzy-koz-zumdy-aqtobe-oblysynda-bir-otbasy-mingen-kolik-zol-apatyna-usyrady/

pixel