Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі жарылыс: Көз жұмған нәрестенің анасы қайғылы оқиғадан бірнеше сағат бұрын тағы бір сәбиінен айырылған

Опубликовано:

Шымкенттегі үшемдердің біреуі аман қалды
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте перзентхана маңында болған жарылыстан жаңа туған үшемнің біреуі мерт болды. Ал тағы бір сыңары жарылысқа дейін жансақтау бөлімінде көз жұмған. Бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пәшімов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін Шымкенттегі Түркістан облыстық №1 перинаталдық орталық жанында орналасқан жекеменшік дәріхана ғимаратындағы жарылыс салдарынан жаңа туған нәрестенің көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз. Кейін сәбидің жаңа туған үшемнің бірі екені анықталды.

Марат Пәшімовтың айтуынша, үшемнің тағы бір сыңары жарылыс болғанға дейін, яғни таңға қарай шетінеп кеткен.

"Туғанына 18 күн болған үшемнің үшеуі де жансақтау бөлімінде ем алып жатқан. Жарылыс болған күні таңғы сағат 5-6 шамасында үшемнің бірі көз жұмды. Басқа да мән жайларды тергеу анықтайды", - дейді ол.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үшемнің аман қалған жалғыз сыңарының жағдайы бірқалыпты ауыр.

Нәресте қазір ИВЛ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, Шымкентте перзентхана маңында болған жарылыстан нәрестемен қоса, күзетші және жұмысшы қаза тапты. Тағы 8 адам зардап шекті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1970636-symkenttegi-zarylys-koz-zumgan-narestenin-anasy-qaigyly-oqigadan-birnese-sagat-buryn-tagy-bir-balasynan-aiyrylgan/

pixel